Семинар
2019 жылдың 3 сәуірінде Алтай филиалының комплектование бөлімінің қызметкерлері - Н.И. Тютенькова және К.Базилова Алтай өңірінің әкімдіктерінің мамандары үшін «Іс жүргізу номенклатурасын жасау тәртібі», «Құжаттар құнының сараптамасы, құжаттарды дайындау және мемлекеттік сақтауға тапсыру» тақырыптарында семинар өткізді.
Кіріспе сөз Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» ММ-нің Алтай филиалының директоры - Сейлханов Сабырбек Кәкенұлына берілді. Алтай өңірінің әкімдіктерінің және Алтай өлкесінің ауылдық округтерінің мамандары барлығы 20 адам қатысты.