"Архив-2025" бағдарламасы қолданыста
"Архив - 2025" жеті жылдық бағдарламасын орындау мақсатында Облыстық мемлекеттік архив Риддер филиалы на "№ 1 мектеп-лицейі" КММ тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі Галина Владимировна Антроповамен 8 сынып оқушылары Софья Колесникова, Ольга Сохарева және Иван Гартлиб келді.
"Лениногор-Риддер қ. жеке меншік жазба құжаттарының коллекциясы" № 53 қор құжаттарымен жұмыс зерттеушілерге 1921-1926 жж. тау-кен өнеркәсібі Бас басқармасының Риддер тау-кен өнеркәсіп кәсіпорнының басқарушысы Рудольф Ансович Дрейманның өмірі туралы қажетті ақпараттарды жинауға көмектесті.
Құжаттарды зерттей отырып, балалар Дрейман туралы, кәсіпорын жұмысы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды, сол уақытта Риддер кентінің тарихына қатысқандай болды.
Зерттеушілермен «Алғашқы қызыл директор Р.А. Дрейман» тақырыбындағы жобаға көрнекілік қосатын 28 фотосурет жасалды.