Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ақын, жазушы Медведева Нина Григорьевнаның мерейтойы

19.03.2019 жылы Алтай қалалық орталық кітапханасында ақын, жазушы, ақын  Медведева Нина Григорьевнаның 70-жылдық мерейтойы аталып өтті. Нина Григорьевнаның өлеңдері мен прозалары Алтай қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында кеңінен танымал. Ол «Алтын Тұрғысын» фестивалінің тұрақты қатысушысы, көптеген жерлестеріміздің әдеби тәлімгері, талантты редактор, «Бухтарминские радуги» шығармашылық бірлестігінің мүшесі. Ақын-самородок, Нина Григорьевна өмір бойы әдебиетке, туған өлкесінің табиғатына деген үлкен сүйіспеншілікке ие болды. Оның таланты көп қырлы, әр қыры өзінше ерекше. Мұндай маңызды оқиғаны Н.Г. Медведевамен бөлісуге көп қонақтар келді. Мерейтой иесі Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқаровадан, ардагерлер кеңесінің төрағасы Гейгер Элла Яковлевнадан, Ресейдегі әріптестерінен бейне құттықтауларын алды. «Алтын Тұрғысын» халықаралық өнер фестивалінің төрағасы Р.А. Шульминаның және барлық қатысушы достары мен әріптестерінің атынан құттықтау сөздері айтылды. Алтай филиалы архивистері де шетте қалмай бұл оқиғаны пайдаланып туған күн иесіне ізеттері мен құрметтерін білдірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru