«Феликс Бадажковтың бояулар әлемі»
Алтай қаласының өлкетану залында суретші Феликс Григорьевич Бадажковтың «Феликс Бадажковтың Бояулар әлемі» атты картиналарының көрмесі өтуде. Суретші Ф. Бадажков Алтай қаласының тумасы, Өскемен қаласында тұрады және жұмыс істейді. Суретші өмірге шығармашылық көзқарас пен дарындылықты ата-анасынан мұра етті. Оның әкесі Григорий Иванович суретші-безендіруші, ал анасы Мария Эрнстовна мектепте неміс тілін оқытып, музыкамен айналысты. Ф. Бадажков өнердегі алғашқы қадамын Металлургтер мәдениет сарайының бейнелеу студиясында жасаған, кейіннен Өскемен қаласының құрылыс-жол институтының Сәулет факультетінде оқыған. 1974 жылдан бастап сурет және кескіндеме кафедрасында оқытушы, кейін аға оқытушы, соңында кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1983 жылдан бастап суретші Өскемен қаласындағы балалар мектебіне ауысады, онда зейнеткерлікке шыққанға дейін сабақ берді. Феликс Бадажковтың жұмыстары көптеген көрмелерге қатысып, Қазақстан, Ресей, Греция, АҚШ, Жапония, Германия, Польша және басқа да елдердің жеке коллекциялары мен галереяларында сақталуда. Алтай қаласында өткен көрмеге қатысу кезінде өнерді тамашалауға келгендер әлемге суретшінің көзімен қарап, жаңа әсер қалдырды. Көрмеге Алтай филиалының архив қызметкерлері О. В. Губарева және С. В. Вельц қатысты.