Көп балалы аналарды қолдау
Елбасының жаңа «Әлеуметтік қамқорлық» атты әлеуметтік шарасын іске асыру барысында Жарма филиалының «Мемлекеттік архивінде» соған бағытталған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – көп балалы аналарға көмек көрсету. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-сінің директоры Рахметов Самат Нұрланұлының бастамасымен, Жарма филиалында жұмыс атқаратын көп балалы ана – Мамаева Гүлнұрге 85000тг көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Материалдық көмек ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-сі, Өскемен филиалы, Зайсан филиалы, Риддер филиалы, Алтай филиалы, Жарма филиалы қызметкерлерінің ат салысуымен көрсетілді.
Бес баланың анасы, Мамаева Г.: «Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Қуанышымда шек жоқ. Көмек қолын созған жомарт жандарға отбасымның атынан алғыс айтамын.» деп алғысын білдірді.