Мерекелік іс-шара
7 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиынға Жарма филиалының архившылері қатысты. Мерекелік шараға әр саласында қызмет атқарып жүрген әйелдер қауымы, сонымен қатар аудан тұрғындары қатысты.
Жиында құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұратов Талғат Батырұлы бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдық белсенділіктері, кәсіпкерлік саласы мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі олардың қоғамдық белсенділіктеріне тоқталып өтті.
Шара барысында ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар белсенді әйелдерге аудан әкімінің арнайы Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған салтанатты шара аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.