Әскерлердің Ауғанистаннан шығарылуына - 30 жыл
15 ақпан 2019 жылы әскерлерді Ауғанстаннан шығаруына байланысты 30 жыл толды, кеңестік сарбаздар 10 жыл бойы (1979 жылдан 1989 жылга дейін) интернационалдық борышын өтеген. Бұл күн тарихымызда атаулы күндер күнтізбесіне қосылған, мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Жыл сайын ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығуына байланысты іс-шаралар өткізіледі. 21 ақпан 2019 жылы оқу залының бөлімінде Ауғанстаннан шығуына 30 жыл толғанына байланысты жауынгерлік іс-әрекетімен белгіленген ардагермен кездесу өтті. Шақырылған ауған соғысының қатардағы жауынгер атқыш Саденов Тлеубек Қазылбекулы, соғыс кезіндегі өз естеліктерімен мұрағат қызметкерлерімен бөлісті. 1984 жылы Тлеубек Қазылбекұлын әскерге алып кетеді, қысқа уақыт аралығында әскери бөлімінен соғысқа алып кеткен, сол кезде бастартуға болмайтын, патриоттық тәрбие ыкпал етті, туыстарына хабарлауға да тыйм салынған еді. Ауғанстанда Тлеубек Қазылбекұлы арнайы мақсаттағы соққы бригадасында Кандагар қаласының маңында қызмет еткен. Бірнеше рет тау асуында атыс астына түскен, оның бірге болған достары көз алдында қаза тапкан. Интернационалист – жауынгер, көптеген қиындықтар көрген! Ауыр соғыстар, әскердегі достарын жоғалту,қаншама жауынгерлерге жүктелген міндет, бірақ олар бұйрықтарды талқыламайтын жай ғана абыроймен жауынгерлік борыштарын орындады. 1987 жылы ақпан айында жерлесіміз Тлеубек Қазылбекұлы туған жеріне Шығыс Қазақстанға әскерден оралды. Мерейтойлық медальдармен марапатталған. Мұрағат қызметкерлері өз сұрақтарын қойып және қызығушылықпен әңгімесін тыңдады.