Қайырымдылық шарасы
Республика бойынша өтіп жатқан «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясына, Зайсан мемлекеттік архивінің ұжымыда ат салысып, шараға қатысты. Зайсан қаласының тұрғыны көп балалы Мадина Куанғанның отбасына бір ай мөлшеріне жететін азық-түлік сатып алынып, табысталды. Қайырымдылық жасау атадан қалған дәстүрімізге ат салысу жалғасын тапты. Ұжым атынан архивистер Гүлназ Бабирова, Әсем Сапархановалар отбасына барып, кішкентай балаларға қуаныш сыйлап қайтты.