Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуының 30 жылдығына салтанатты шара
15 ақпан күні мемлекеттік архивтің Жарма филиалының қызметкерлері Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған орталық саябақтағы қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке азагүлдер қою, мерекелік шеруге қатысты. Ескерткіш жанындағы митингті кіріспе сөзбен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов ашты. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.О.Жапаров интернационалист-жауынгерлердің ерліктері туралы баяндап, бір минут үнсіздік жариялады. Мерекелік іс-шаралар әрі қарай әскери-патриоттық ән фестивалімен жалғасты.