Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 20 жылдығына арналған іс-шара

2018 жылдың 21 желтоқсанында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.                                

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ «Архив: өткенге және бүгінге көзқарас» атты көрмесін оқырман қауымға ұсынды.

Аталған іс- шараға Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, облыстың аудандық архивтерінің директорлары, архив ісінің ардагерлері және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Альбина Советовна Жанбосинова қатысты.

Салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзді Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Раушан Капасовна Нурмуханова жолдады.

Архив саласының дамып, өркендеуіне өз үлестерін қосқан және көпжылғы адал қызметтері үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің атынан архив ісінің ардагерлеріне, облыстың үздік архив қызметкерлеріне төс белгілер, грамоталар, алғыс хаттар табысталды.

Аталған Заңның қабылдануының маңызы және рөлі, сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісінің дамуы, облыстық және аудандық архивтердің жетістіктері жөнінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ директорының орынбасары Елена Валерьевна Костина, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды қолдану бөлімінің басшысы Лаура Кабдылгазыновна Кадырова, «ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Алмагуль Амангельдиновна Шаитова баяндама жасады.

Сонымен қатар, құттықтау сөзбен архив ісінің ардагерлері және қонақтар А.С. Жанбосинова, А.А: Аубакиров, Т.Н. Павлова, И.В. Дурново сөз сөйледі.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru