Тихоновская Прасковья Семеновнаны еске алу туралы
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалында 2018 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақ ССР ағарту үздігі, Лениногор қаласының құрметті Азаматы Тихоновская Прасковья Семеновнаның туылғанына 100 жыл толуына орай «Менің өмірім» атты фотоқұжаттамалық көрме экспонатталады. Көрме Тихоновская Прасковья Семеновнаның ұлы Хромовой Андрей Вячеславович пен филиалға мемлекеттік сақтауға тапсырылған құжаттарымен дайындалды.
Көрме 4 планшеттерден тұрады «Мектеп жылдары», «Комсомол шастық шағым», «Ғылым ғибадатханасына қызмет ету», «Менің өмірім», оларда Тихоновская Прасковья Семеновнаның негізгі өмір жолы кезеңдерін ашатын құжаттар көшірмелері және сурреттер орналасқан. Бұл фотоқұжаттар ата-анасы, туыстары туралы, Алма-Атылық Мемлекеттік педагогикалық университетіндегі, (№ 11 орта мектеп) ОГПУ атындағы орта мектебіндегі оқуы туралы, көркем шығармашылығына қатысуы туралы, соғыс жылдарындағы еңбек қызметі туралы, № 11 сегіз жылдық мектеп-интернатының директоры П.С. Тихоновскаяның қызметі туралы, Ленин бөлмесін құру туралы, Жауынгерлік және еңбек даңқы туралы, қала және республика саяси-қоғамдық өміріне қатысу туралы.
2018 жылдың 13 желтоқсанында КМҚК «Риддер аграрлы - техникалық коледж» әлеуметтік тәртіп оқытушысы Горбунова Лидия Денисовнаның жетекшілігімен ББ-17 тобының оқушыларына архивист Давыдова Г.А. мен көрме бойынша экскурсия жүргізілді. Оқушылар қызығушылықпен экурсияны тыңдады, көрмеде көрсетілген құжаттарды тамашалады. Пікірлерінен: «Бізге Прасковья Семеновнаның толық қанды өмірі өте ұнады, біз оған қарап бой түзеуге тырысамыз. Біз өте қызық және пайдалы дәріске алғысымызды білдіреміз!»