Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Бірінші Президент күні

Қыстың алғашқы күні 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті күні болып есептеліп, 2012 жылдан бастап Қазақстан халқы үшін осы күні айтулы мереке болып тойланып келеді.

2011 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы мерекелер күні заңына» өзгерістер енгізіліп, Президенттің ерен еңбегін бағалау, құрметтеу мақсатында, 1 желтоқсан мерекелік күн болып белгіленді. Бұл мерекелік күнге орай еліміздің түкпір -түкпірінде түрлі мәдени, спорттық іс –шаралар мерекеленіп, көптеген жарыстар ұйымдастырылады.

Бірінші Президент күні мерекесіне орай Зайсан мемлекеттік архивінде фотокөрме дайындалды. Көрмеге Президенттің әр жылдардағы, жұмыс сапарлары, оқушылармен, жұртшылықпен кездесу сәттері баяндалған суреттері ілінді.

Еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміз, көп ұлтты Қазақстан халқының татулығымен бірлігі, бейбітшілігі жарасқан елдің аспаны ашық болғай!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru