Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Атадан мұра құт мекен – Атамекен нұр Зайсан»

Зайсан қаласындағы аудандық мәдениет үйінде, ауданның 90 жылдығына орайластырылған, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Атадан мұра құт мекен – Атамекен нұр Зайсан» атты аудан күндері және Баймұрат Бәйімбетұлына арналған ғылыми конференция өтті.

Үш күн бойы өткен мәдени – шараларда аудандық мәдениет саласында, ұзақ жылдар басшылық қызмет істеген, талай оқушыларды домбыра аспабына үйреткен, домбырашы, күйші Қабиолда Баитовты еске алу кешіне орайластырып «Күйшілер жарысы» өтті. Өскемен, Семей, Зайсанның күйшілері күмбірлеген күйлерін көрермендерге тарту етті.

Талай жылдарға созылған Жоңғарларға қарсы азаттық соғыста дарабоз Қабанбай батырдың қоластында қолбасын басқарған, ержүрек батырлардың ерлігін жастарға патриоттық үлгі ретінде көрсету мақсатында Баймұрат батыр (1709 - 1784жж.) бабамыз туралы өткен конференцияға Қазақстанның халық жазушысы, көптеген мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Абай атындағы сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмәділов, Қазақстанның Жазушылар Одағының басшысы жерлесіміз ақын - жазушы Ұлықбек Есдәулетов және ескерткіш орнатуға ат салысқан көптеген қонақтар келді. Аудан әкімі Т.Ж.Қасымжанов, мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев қонақтарға алғыс білдіріп, «Өнегелі жол» мерекелік белгілерін тағып, мақтау қағаздарымен мараппатап, қазақы дәстүрмен шапан жауып, сый – құрмет көрсетті.

Конференциядан кейін Баймұрат батырға (1709ж. – 1784ж.) арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Бұл үлкен дәрежеде өткен игі- шараға алыс –жақыннан келген қонақтар, мекеме –кәсіпорындардың қызметкерлері, аудан жұртшылығы және архив қызметкерлері ат салысып, қатысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru