Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Зырян қаласының тарихы» тақырыбына дәріс

2018 жылдың 31 қазанында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де Зырян ауданы мен Зырян қаласы тарихының әртүрлі кезеңдеріне жататын құжаттар мен фотоқұжаттарды кәсіби бағдарлау, жоғары сынып оқушыларын патриоттық тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту, сонымен қатар құндылығы бар мұрағаттық құжаттарды танымал ету мақсатында, Зырян қаласының №6 мектебінің 9-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында ШҚО мемлекеттік архивінде сақталған құжаттарды көрсете отырып, «Зырян қаласының тарихы» тақырыбына дәріс өткізілді. Оқушыларға шолу үшін архивте сақталған «Воспоминание, французского присутствия в Зыряновске» атты фотоқұжаттар ұсынылды.

Дәрістен кейін архивте сақталған құжаттарды көрсету үшін экскурсия жүргізілді. Дәріс пен саяхатты өткізу барысында шақырылған жоғары сынып оқушылары архив-бұл жай ғана қағаз емес, адамдардың тірі тағдыры, біздің өлкеміздің, біздің Отанымыздың тарихы екеніне көз жеткізді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2018
Рейтинг@Mail.ru