Жарма ауданының 90 жылдығына арналған іс-шара
19 қазан күні Жарма филиалының ұжымы Қалбатау ауылының орталығында белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы, халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахмановаға еңселі ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара Жарма өңірінің 90 жылдық мерейтойымен ұштастырылып отыр. Салтанатты жиынды ашқан жазушы Сәбит Досанов үш бірдей саланың майталманы атанған Тұрсынхан Әбдірахманованы ұлықтаған жармалықтарға алғыс білдірді.
Мерейлі мерекенің арқауы болған ізгілікті шара Мәдениет үйінде жалғасып, мұнда «Өркенді өлке, мерейлі мекен» атты Жарма ауданының 90 жылдығына және ақын, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахманованың әдеби мұрасында арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Мәдени шара ұлттық ойындар мен мерекелік концертке ұласты.