Президент жолдауы
15 қазан күні Жарма филиалының директоры: Б.А.Рахимовтың бастауымен Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдау төңірегінде жиын өткізіп, қысқаша шолу жасады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдауы 2018 жылы 10 қаңтарда шыққан еді. Онда Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.