С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен кездесу
Қазақстан Республикасы үшін құндылығы маңызды архив құжаттарын дәріптеу, сонымен қатар мемлекеттік архивта орналасқан қорлармен және архив құжаттарымен жұмыс жасау тәртібімен таныстыру мақсатында 2018 жылдың 4 және 9 қазанында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысының Қазақ, орыс филилогия және журналситика кафедрасының «Журналистика» мамандығы бойынша оқитын студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында, архив қызметі бойынша қысқаша шолу өтті, кейін архив ғимараты бойынша экскурсиямен жалғасып, ШҚО мемлекеттік архивінда сақтауда жатқан құжаттар көрсетілді, соңында архив тарихы туралы фильм ұсынылды. Сондай-ақ, студенттер «Ертіс жерінде қалдырған із...» атты фотоқұжаттық көрмеде, мәдениет, ғылым саласына үлкен үлес қосқа, Тәуелсіздік Қазақстан өмірін сарп етіп қорғаған, өлкеміздің ең әйгілі тұлғалармен танысып өтті.
Студенттерге соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы газеттермен, іс тізімдемелермен, белгілі тұлғалардың қорларымен, қорлардың картотекасымен жұмыс жасауға мүмкіндік берілді.
Кездесу қортындылай келе, архив қызметкерлері Ұлт жадысын сақтау ісінде және тарихи зерттеулер үшін негізін қалауда архивтердің рөлін арттыра көрсетті.
Іс шара соңында, студенттер атынан алғыс сөзімен кездесу ұйымдастырушыларына Шығыс Қазақста облысының мемлекеттік университетінің оқутышысы А.Қ. Қасымов шығып сөз сөйледі.