Зырян архивінің жүлдегерлері
2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этностардың тілдерін сақтау және дамыту, мемлекеттік саясатты қолдау бойынша Зырян ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында «Тіл – алтын қазына» аудандық конкурсын қорытындылау бойынша сыйлықтар табыстау рәсімі өткізілді. Білім беру, экономика, қаржы, ТКШ, туризм бөлімдерінің қызметкерлеріне сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Зырян филиалының архивистері тәлімгер Г. С. Маутиева және қатысушы К. А. Левинға жүлделі орын алғандары үшін алғыс хаттармен сыйлықтар табыс етілді.