Зырянда «Тілдер шеруі-2018»
2018 жылғы 20 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этностардың тілдерін сақтау және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қолдау және «Тіл – алтын қазына» аудандық конкурсын өткізу шеңберінде, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Зырян ауданы әкімдігінің «Горняк» мәдени-сауық орталығы» КМҚК Қазақстан халқы тілдері Күнін мерекелеуге арналған «Тілдер шеруі-2018» аудандық фестивалі өтті. Бұл шеруге білім беру, қаржы, ТҮКШ, туризм бөлімдерінің, Зырян қаласының әкім аппаратының, Зырян қаласының мәслихатының қызметкерлері, сондай-ақ, Зырян филиалының архивистері Г. С. Маутиева және М. С. Зайцева қатысты. Сонымен қатар мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге «ҚАЗТЕСТ» тестілеу қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.