Оқу залында
Зайсан мемлекеттік архивіне Зайсан ауданының «Құрметті Азаматы», «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Қазақстанның Жазушылар Одағының мүшесі», «М.Әуэзов атындағы сыйлықтың» иегері, «Ашылмаған сыр», «Аюдың өті», «Үш тоғыс», «Қара қасқыр», «Жылдың ең қысқа күндері», «Жап-жасыл әлем», «Біз қалада тұрамыз», «Беласқан» тарихи кітабын тағы да көптеген повестер, әңгімелердің авторы, жазушы Кәдірбек Сегізбай Алматы қаласынан келді. Жазған кітап-повестері орыс, латыш, өзбек тілдеріне аударылған және шетел жазушыларының романдарын, шығармаларын қазақ тіліне аударған. Жазушы Зайсан архивінде сақталған құжаттармен, өлкеміздің тарихы туралы құжаттарды қарады. Зайсанның тумасы қанша келген сапарында уақыттың тығыздына байланысты, кіре алмағанын, осы жолы арнайы құжаттармен танысуға келгенін айтып, оқу залында жұмыс істеді.