Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақстанның мемлекеттік архивтерінде ақпараттық технологиялардың даму келешегі (ҚР Президент Архивінің үлгісінде)

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ ҚР Президент Архивінің директорымен, техникалық ғылымының докторы, профессор Борис Алекенович Джапаровпен кездесу өтті.

Б.А. Джапаров ақпараттық технологияларды енгізу жұмысының нәтижесі және ҚР Президент Архиві қызметінің негізгі бағыттарын ақпараттандыру бойынша негізгі мақсаттары: жабдықтау, есепке алу, архив қорының құжаттарын сақталуы мен пайдалану туралы әріптестермен бөлісті.

Архивтердің қызметін ақпараттандыру – қазіргі заманның талабы екенін Б.А. Джапаров белгілеп айтты.

Іс-шарада, құжаттарды сенімді сақтау, оларға жедел қол жетімді ету және архив қызметінің бизнес-процесін ақпараттандыру үшін арналған электрондық архивтің бірыңғай ақпараттық-іздестіру жүйесінің тұсаукесерін «Фактор» жүйелі зерттеу компаниясы» ЖШС өкілі шығып ұсынды.

Кездесу қорытындысында, ШҚО мемлекеттік архиві директорының м.а. Елена Валерьевна Костина Шығыс Қазақстан облысының архивіне «Электрондық архив» енгізудің күрделі мәселелерін айттып берді, және соңында кездесу қатысушыларына қызықты әрі пайдалы ақпарат ұсынғаны үшін үлкен алғыс білдірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru