Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Тарихты сақтаушылардың» ерен еңбектері

«Тарихты сақтаушылардың» ерен еңбектері

2018 жылдың 1 шілдесінде Шығыс-Қазақстан облыстық архивінің Зырян филиалына 55 жыл толады.

1963 жылғы 21 мамырдағы № 409 Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық еңбекші депутаттар Кеңесі атқарушы комитеті 1963 жылғы 1 шілдеден бастап облыстық мемлекеттік мұрағат филиалдарын құруды, оның ішінде Зырян филиалын, оған Зырян қаласы, Серебрянск, Үлкен-Нарын, Зырян және Самар аудандарының аумақтарына қызмет көрсетуді жүктей отырып, шешім қабылдады. 1963 жылы филиалға келіп түскен құжаттар таратылған Үлкен-Нарын және Самар аудандық мемлекеттік мұрағаттарынан "үйіп", өңделмеген және қорлар бойынша жинақталмаған құжаттар түскен. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатынан филиалға профильдік қорлары берілді - бұл өте бағалы, бірегей құжаттар кеңестік биліктің бірінші жылдарындағы - 8260 істер Бұқтырма уездік мекемелері: уревком, увоенкомат, уисполком. 1963 жылғы 1 шілдеде филиалда 165 қорларының 13576 істер болды.
Катон-Қарағай аудандық мұрағатының 121 қоры деректі материалдардың саны 1572 іс қабылданды. Бұқтырма ауданы таратылған 1948-1962 жылдардағы РОНОР құжаттары, 223 іс мөлшерінде өңделіп және сақтауға қабылданды.
Біздің филиалда кеңес кезеңіндегі (1918 жылдан) құжаттар сақталады, ғылыми-тарихи, халық шаруашылық және мәдени құндылығы барын білдіретін: Бұқтырма ревком және уисполком, акционерлік қоғамдардың «Лена-Гольфильдс-Лимитед» «Лена-Банк», Зырян кен басқармасының және комбинатының органдарының, Кеңестік билік және басқару, прокуратура және сот, колхоздардың, совхоздардың, «Зыряновскстрой», Бұқтырма ГЭС, Өскемен цемент зауыты, халықтық бақылау комитеттерінің, кәсіподақ мекемелерінің, басқа да бірқатар ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың, бұрынғы Бұқтырма өлкесі кәсіпорындары.
Ұйымдастыру кезінде филиал бір бөлмеде 37 ш. м. Зырян қалалық милиция ғимаратында орналасқан болатын. Бір кішкентай бөлмеде мұрағаттық құжаттар және қызметкерлер орналасқан. 1964 жылдың тамыз айында филиал басқа үй-жайға Совет көшесі 99 бойынша бұрынғы спорт тауарлары дүкеніне көшірілген. Кабинетке 50-ге жуық шаршы метр бөлініп, ал мұрағат қоймасына көрші үйде 75 шаршы метр жертөле бөлінген, алайда ол жерді үнемі су басып кететін. Жойылған мұрағаттартардан әкелінген құжаттардың жағдайы өте нашар болатын, құжаттардың құрамы толық емес, оның үстіне филиалмен өңдеу жұмыстары және сипаттамасы қайтадан жүргізілді. Филиал қызметкерлері қызмет көрсету аймақтары мекемелерінде құжаттарды сақтап қалу үшін денсаулықтарын аямай зор күш жұмсап еңбек етті. 1918-1950 жылдардағы мекемелерде жеке құрам бойынша құжаттардың жартысынан көбі жойылған. Көптеген адамдардың мүдделері зардап шеккен. Құжаттарды реттеу 1965 жылдың аяқ шенінде облыстық мемархив және архивтік іс қызметкерлерінің көмегімен аяқталды. Архивті қалыпқа келтіру бойынша үлкен үлес қосқан мұрағатшылар  Е.А.Гильц, Н.П.Куканова, Л.П.Ромашко, П.П.Мякушина, Н.И.Бунина, О.М.Полуханова, Л.М.Белякова, Н.Н.Вельможиналар - мұрағат ісінің жоғары білікті мамандары.
Филиал құжаттарды реттеумен қатар мекемелер мен азаматтардың өтініштері бойынша сұрауларды да орындаған. Архивте ғылыми-анықтамалық аппарат құылып, жеке құрам бойынша картотекалар жасау бойынша жұмыстары жүргізілген.
Зырян филиалының штатына Зырян қалалық мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері ауыстырылды кіші ғылыми қызметкері -З.П.Чередник мұрағатта 1955 жылдан бастап жұмыс істеген, хатшы-машинистка Л.А.Богомолова – 1958 жылдан бастап бірінші меңгерушісі болып жұмыс істеген, ал 1965 жылдан бастап директор қызметінде А.А.Регинский 27 жыл бойы НКВД және мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс атқарған. Нахичеван АССР ішкі істер Министрлігі хатшылығының бастығы 9 жыл жұмыс атқарған.
1963 жылдың 27 қыркүйегінде филиал штаты алты адамнан тұрды: меңгеруші, екі ғылыми қызметкер, аға архивариус, хатшы-машинистка, еден жуушы – от жағушы.
1966 жылдың 28 тамызында филиалға аға ғылыми қызметкер ретінде Г.М.Марьин жұмысқа қабылданып, 1968 жылы филиал директоры болып тағайындалды.
1968 жылдың қазан айында филиалы 5 кабинет және жеке құрам бойынша құжаттары үшін архив қоймасымен жабдықталған ғимаратқа ие болды. 1969 жылғы 1 қаңтарда филиалда 1919-1968 жылдардағы шамамен 45000 істер сақталды.
1971-1975 жылдары филиалда ғылыми-ақпараттық құжаттар аппаратын құру және жетілдіру бойынша, мақсатты қорлар сараптамасын жүргізу бойынша айтарлықтай жұмыс көлемі өсті. Осы уақытқа дейін филиал 1000 мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарға архивтік жұмыстар мен іс жүргізуге бақылауды жүзеге асырып келді.
1977 жылы М. Горький 33, жаңа үш қабатты типтік ғимараты пайдалануға берілді. Зырян филиалының штат құрамы 15 адамға көбейді.
Зырян филиалы 1980 жылдары орасан зор жұмысатқара отырып, 198 мекеменің үйінді құжаттарын таратты. 1977-1983 жылдары филиалмен филиал қызметкерлерін толық құрамда барлық аудандарға шығулары ұйымдастырылды. Нәтижесінде архив мекемелері толығымен ретке келтірілді. Филиал көрнекті адамдардың жеке тектік құжаттарымен және фотоқұжаттарымен іріктелді. Бұқтырма өлкесінің Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік еңбек ерлері, азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына қатысушылардың істері, Бұқтырмадағы Петроградских коммун тарихы бойынша құжаттарды сипаттау, жинақтау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Зырян әскери комиссариатымен бірлесіп 1941-1945жж ұлы Отан соғысына шақырылған және қаза болған Зыряндық жауынгерлердің тізімдері даярланды (шамамен 3500 адам).
1985 жылы ШҚОМА Зырян филиалы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасының құрмет кітабына енгізілді.
Зырян қаласының 200-жылдығына орай С.Е.Черных пен В.А.Горбунованың "Зыряновск" атты кітабы жарияланды. Бұл кітаптың жариялануына филиал қызметшілері белсене қатысты.
2011 жылдың ақпан айынан бастап қызметіне кіріскен іскер де жігерлі директор О.А.Айтқазинның басшылығымен, архивтің 2 ғимаратына да жоғары сапалы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнде архив өте сұранысқа ие. Жыл сайын бұл жерге үлкен көлемде сұраныстар түседі. Көмекке тек қана Зыряндықтар емес, қаладан қоныс аударған адамдардан да көптеген хаттар келіп тұрады. Көбі Зырян ауданын ұмытып кетсе де, қала олардың құжаттарының естеліктерін сақтап тұрады.
Филиал іс жүргізуді, құжаттарды қабылдауды жүргізеді, сонымен қатар Зырян және Серебрянск қалаларының, Катон-Қарағай, Үлкен Нарын, Зырян және Самар аудандарының ұйымдарда және кәсіпорындарда, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде мұрағаттар жағдайын бақылайды.
Қызметкерлер өлкеміздің тарихын құжаттарда бар мәліметтерді сақтау үшін ат салысуда. Ең бастысы мұрағат жұмысында бұл адамдардың, өз өмірлерін ең маңызды міндеттерді шешуге – сақтау, өңдеу, ғылыми құжаттарды пайдалану, қорларды жинақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауға арнаған.
Филиалда тату, шығармашылық ұжым қалыптасқан.
Мұрағат ісін дамытуға зор үлестерін қосқан және көптеген жылдар бойы адал және мінсіз қызмет атқарған және осы күнге дейін беделді еңбек ардагерлеріне зор алғысымызды білдіріп және де бас иеміз олар: З.П.Чередник, Л.А.Богомолова, Л.П.Ромашко, В.Т.Шуваев, Е.Д.Гильц, Н.П.Куканова, Т.И.Симонова, В.И.Привалова, А.Капалбаева, Н.Н.Вельможина, О.М.Полуханова, С.И.Тлеубергенева, А.А.Скрипниченко, А.А.Пигарева, Л.М.Белякова, С.Г.Бочкарева, Л.А.Дмитриева, Р.Н.Валиева, М.К.Исабаевалар.
Жұмыстарына өте нәтижелі, бастамашыл қарым-қатынасты тәлімгер ретінде жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Олар: Н.И.Тютенькова, Т.С.Козлова, М.Н.Әбішева, А.М.Татунашвили, О.А.Ивановалар .
Жас мұрағатшылар да өз мамандықтарын ойдағыдай меңгерген: М.С.Зайцева, Е.Г.Беседина С.М.Жугурова, Л.Н.Дворянкина, М.А.Баймұратова, Ә.К.Бабағұмарова, К.Н.Сакитова, А.Айтқазин, К.А.Левин, Г.С.Маутиева, Қ.Б.Базилова, Қ.С.Нурпеисова, Е.Г.Медведева, Э.Маутиева, С.А.Вельц, Д.Ж.Жұмақанов, СЛ.Колотилкиналар.
2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Мемлекеттік архив» КММ Зырян филиалының директоры болып Сабырбек Кәкенұлы Сейілханов тағайындалды, ол архив қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін барынша үлкен үлесін қосты.
Жылдан жылға филиал қызметкерлері дайындаған газет мақалаларының, сондай-ақ архив құжаттары бойынша жазылған өлке тарихы бойынша оқыған және дайындаған дәрістердің саны көбеюде.
Зырян филиалының басты міндеті бұл мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда және кәсіпорындарда мұрағаттық құжаттардың көлемі жағынан ең аз, және ақпараттық құндылық кешені көлемді материалдарды жинақтау болып табылады. Осы құжаттар сенімді және мәңгілік сақталады.
2018 жылы Зырян архивінің штаттық саны - 34 адам, оның ішінде директор, 22 маман және 11 қызмет көрсетуші персоналдың қызметкерлері.
Зырян ауданының мемлекеттік архиві 7000-нан астам әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындайды. Жеке және заңды тұлғаларға қажетті құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға архивтік анықтама береді. Архивтің оқу залында жыл сайын 60-тан астам зерттеушілер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, студенттер, оқушылар жұмыс істейді. 2018 жылдың 1 қаңтарына архивте 778 қорлар, 333679 істер сақталады.
Қоғамның өмірі үшін архивтің рөлін асыра бағалау қиын. Өзіндік ақпараттық орталықтары бола тұра, олар, өткенді шолатын құжаттық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін шешуге жәрдемдеседі, тиімді мемлекеттік басқару, сондай-ақ өткен ғылыми танымды қамтамасыз етеді.
Демек архивтер – бұл мәдени және тарихи мұраның маңызды ақпараттық ресурсы ғана емес. Әрбір жеке адамның өмірінде архив кейде аз рөл ойнамайды. Өйткені, ол жерде жеке әрқайсымыз туралы мәліметтер, адамдардың еңбек өтілдері, марапаттау, қандай да бір заңды мәмілелер, қаржы операциялары және т. б. сақталады. Архивтік дереккөздері саналуан және форматтар да орасан зор. Сондықтан архивтік деректер адамзаттың экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының бағалы айғағы болып табылады. Және құжаттық мұраны сақтау, адамдарға бірегей құжаттармен танысуға мүмкіндік беру– мұрағатшылардың басты міндеті.
Архивтегі қызметшілердің жұмыстары небір жұмбақ тәрізді тартымдылығы бар. Осы адамдар шындығында мыңдаған адамдар білмейтін небір құпияны сақтайтын адамдар секілді. Белгілі бір деңгейде, шынымен де солай. Өзінің тынымсыз және ауыр еңбектері жылдарында ұрпақтан ұрпаққа архившілер өз мамандықтарынан белгілі бір ережелер мен басты бағыттарға дағдылады. Олардың міндеттеріне мінсіз сақталуды бақылау, құжаттарды жинақтау, оларды топтау, сұрыптау, ғылыми мақсаттарда пайдалану үшін іріктеу жұмыстары жатады. Сондықтан оларды кей кездері "Тарихты сақтаушылар" – деп те атайды. Шын мәнінде, осы саладағы көптеген еңбеккерлер тарих куәгерлері болып шығады. Архив еңбегі қиын әрі еңбекті көп талап етеді, бірақ игілікті іс деуге әбден болады. Оның тартымдылық қасиеті бар: күн сайын жаңа білім береді және әр күн сайын жаңа білім талап етеді. Филиал мұрағатшылары болашақ ұрпақтар мен замандастар алдында құжаттық естеліктерді сақтауға өздерінің жауапкершіліктерін түсінеді. Орасан зор жауапкершілік, мамандығына деген шексіз адалдық, өз ісіне шығармашылықпен қарау, адамдарға көмектесу шынайы ниетті қасиеттері Зыряндық мұрағатшылардың бойынан байқалады.
Олардың жұмыстары айрықша, қызықты, кейде өте құпия.
Архив қызметкерлері деректі құжаттық материалдардан қызықты көрмелер ұйымдастырады, дәрістер жүргізеді, экскурсиялар және арнайы кездесулер өткізіп тұрады. Сөзбе-сөз айтқанда, тоқсаныншы жылдардың басына дейін архивистердің қолдарында қаламдар, қағаздар және картон папкалар ғана болған. Алайда, компьютерлер ғасыры мен Интернет ғаламдық желісі олардың кәсіби қызметіне қатты әсер етті: енді архивистер сканерлер, принтерлер, компьютерлер және өзге де өркениет игіліктерін белсенді пайдаланады, архивтерде есепке алу мен сақталуды бұрынғыдан әлдеқайда оңай және ыңғайлы болды. Сондықтан қазіргі архивистерге, сондай-ақ барлық технологиялармен пайдалана білу маңызды, техникалық аспектілері жұмыстарына сауатты жақындау қажет. Мұрағатшы мәртебелі лауазымын алу үшін тарих, құқықтану және қазіргі заманғы технологиялар туралы терең білімді меңгеруі керек.Архивтер жаңа құжаттармен толтырылады, тарих шеберлері өз істерімен айналысуын қоймайынша, олардың ағымы ешқашан да тоқталмайды және тоқталу мүмкін емес. 

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасы «Мемлекеттік архив» КММ
Зырян филиалы архивисі Е. Медведева

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru