Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер» күніне арналған іс-шара
2018 жылғы 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалы қызметкерлеріне салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды.
Аягөз филиалының қызметкері С.Оразалинов 4-маусым «Мемлекеттік рәміздер» күніне арнап баяндама дайындады. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді, деген сөздермен архив қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Архив қызметкерлері өз пікірлерін, еліміздің дамуына барлық күш жігерімізді, сонымен қатар Отанымыздың көркеюіне үлес қосудамыз деген тілектерін білдірді.