Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым күні Жарма филиалының қызметкерлері «Мәңгілік ел» монументі алаңында аудан жұртшылығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні мерекесін атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары – Ибраев.А.М.Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Мәдениет саласының қызметкерлері жиылған қауымға концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ұлттық киімді қыздардан құралған топ патриоттық әндерді шырқады. Салтанат соңы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған концертпен жалғасты.