Мемлекеттік Рәміздер мерекесі аталып өтті
04 маусым 2018 жылы Зайсан аудандық әкімшілігінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік Рәміздер мерекесі аталып өтті. Мемлекеттік туды құрметпен сахна төріне 2017 әскери бөлімінің сарбаздары алып шығып, «Әнұран» шырқалды.
Аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев, 2017 шекара әскери бөлімінің командирі орынбасары полковник А.Қ.Әбашевтер мемлкеттік рәміздер мерекесімен құттықтады. Қала мектептерінің оқушылары, мекеме, кәсіпорындар қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік рәміздер мерекесіне арналған салтанатты жиын, аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының патриоттық әндерімен ұласты. Бұл шарада архив қызметкерлеріде болды.