Семинар
2018 жылдың 24 мамыр айында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлері Магрушева Күмісхан және Турарбекова Сандуғаш Аягөз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне құжаттарды дұрыс қабылдау жөнінде оқу семинарын жүргізді. Семинарда Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторлары қатысып, өздеріне керекті ақпараттарды меңгерді. Семинар сұрақ – жауап стилінде өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторлары сауалнамаға қатысты сұрақтар қойылып, архив қызметкерлерінің жауабына толық қанағаттанды. Семинар соңында бір – біріміздің жұмысымызды ауырлатпау үшін өтініш жазушылардан нақты мәліметті қабылдауды ұйғардық.