Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Естелік

ШҚО мемлекеттік архивінің Риддер филиалының оқу залында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Біздің аталарымыз бен әкелеріміз – біздің мақтанышымыз» атты фотоқұжаттық көрмесі жасалды.

Көрме (1941-1945жж.) Ұлы Отан соғысына қатысушылар Давыдов Антон Иванович, Кашкимбаев Капас (Ғаббас), Купряжкин Николай Михайлович және Троеглазов Николай Федорович жөнінде сипатталады. Планшеттерде ардагерлердің фронттық ерліктер мен ерен еңбектерін баяндайтын архивтік құжаттар орналастырылған. Бұл бейбіт және соғыс кезіндегі суреттерің, үкімет марапаттағаны туралы марапат куәліктерінің, алғыс хаттардың, әскери билеттердің көшірмелері.

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке текті құжаттарынан көрме дайындау сәті үнемі қобалжулы, өйткені екі есе қобалжу тудырады. Себебі ардагерлер құжаттарын сақтауға олардың жақын туыстары филиал директоры – М.Ғ. Кузембаева (Кашкимбаева), архивистер Л.Н. Бородулина (Тоеглазова), М.Н. Палихова (Купряжкина), Г.А. Давыдова өткізген.

Отандық әскери – қорғаушылар ерліктері туралы естелік тек архивтік құжаттарда ғана емес, сонымен қатар Отандық әр азаматтың жүрегінде қалады. Филиал қызметкерлері үнемі жеке текті қорларды толтырумен жұмыс жасайды, өйткені бұл біздің Отанымыздың тарихы.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru