Архивистердің еңбек ардагерлерімен кездесуі
Зырян филиалының мерейтойы қарсаңында, құрылғанына биылғы жылы 1 шілдеде 55 жыл толуына байланысты, 18 мамырда архивте жас архивистердің ардагер-архивистермен кездесуі өтті. Зырян архивіне 35 жылдан астам архив қызметінде еңбек сіңірген бұрынғы архивистер Надежда Николаевна Вельможина және Ольга Михайловна Палухановалар шақырылды. Есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бойынша архивист жұмысы өте қиын және ауыр жұмыс. Үлкен шыдамдылық, ұқыптылық, жинақылық, барлық жерде тәртіпке деген махаббат ардагерлерімізге тән қасиет екенін, жас мамандар түсіне білді.
Архивші Екатерина Медведева Зырян филиалының (1 шілде 1963 жыл) ашылу тарихын және, біздің ізашарларымызбен қолданыстағы архивтің қандай қиындықпен құрылғынын айтты, сол кездегі жұмыс істеген адамдардың ішкі өмірі жайлы, архивистердің фотосуреттерін, өткен жылдардың қабырға газеттерін көрсетті.
Қызметкерлер алдында Надежда Николаевна сөз сөйледі: «Архивтерде жұмыс істейтін қызметшілердің небір жұмбақ тартымдылық қасиеттері бар. Бұл адамдар мыңдаған адамдарға білмейтін небір құпияны білетін және сақтайтын адамдар тәрізді. Әлдеқандай деңгейде шынымен де солай. Өзінің тынымсыз және ауыр еңбек жылдарында болашақ ұрпақтан кейін ұрпақ біз, архившілер, өз мамандықтарымыздың басты бағыттары мен белгілі бір ережелерін шығаруды үйренудеміз. Мәртебелі архивші лауазымын алу үшін туған өлке тарихы, құқықтану және қазіргі заманғы технологиялар туралы терең білімің болуы қажет. Ал ең бастысы кіші Отаныңды және өз жұмысыңды қатты жақсы көруің керек».