Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Өскемен қаласында драмалық әртістердің серіктестігінің құрылған күнінен 100-жылдығына арналған іс-шара (Жамбыл атындағы театр)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, 2018 жылдың 17 мамырында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де Өскемен қаласында драмалық әртістердің серіктестігінің құрылған күнінен 100-жылдығына арналған (Жамбыл атындағы театр) «Театр – өнердің ақиқат ордасы» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтті.

Көрмеде ең алғаш рет Қазақ СРО еңбегі сіңірген әртістердің А.М.Мерцтің, В.И. Красинский-Круппенниковтың, Жамбыла атындағы театр әртістерінің А.Н. Шиляевтың, Е.И. Красинская-Крупенникованың жеке текті қорларынан және Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драмалық театрының қорынан алынған архив құжаттары ұсынылды.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық драмалық театрдың өкілдері қонақ болды: актер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері, Олег Петрович Маципуло, труппаның актрисасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері, Тамара Николаевна Каблова, актриса Алла Латфи. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық музейінің қызметкері Ирина Васильевна Дурново, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қарамағындағы Жоғарғы колледжінің, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің және «Кәсіби дайындық және сервис» Шығыс Қазақстан колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Тұсаукесерде «Атамекен» телеарнасының және «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінің өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстанда театрлық өнердің қалыптасу тарихы, Кеңес үкіметі жылдары театрдық қызметі бойынша, театрдың әйгілі атақты қайраткерлері туралы көрмедегі құжаттардың бейнешолу мен тұсаукесерімен Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің қызметкері У.К. Мухамеджанова ұсынды. «Атамекен» телеарнасына берілген сұхбатында, Шығыс Қазақстан облысында театрдың негізгі даму кезеңдерін айттып берді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері А.Ш. Сейтказина қонақтар мен қатысушыларды, облыстық архивта сақтауда жатқан құжаттардағы театр әртістерінің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысытырп өтті.

Театр әртістері театрдың бүгінгі өмірі жайлы, репертуар, заманауи қойылымдар туралы, қоғамның рухани дамуындағы театрдың рөлі мен облыстық драмалық театр ұжымының жетістіктері туралы қызықты әнгіме қозғап айттып берді.

И.В. Дурново іс-шара қатысушыларына Өскемен қаласында театрдың нақты құрылу күнін анықтау бойынша тарихнамада мәселесі барын мәлімдеді.

Соңында, облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерелері театр әртістерін мерейтоймен құттықтап, іс-шараға келіп қонақ болғандарына алғыс білдірді және шығармашылық табыс тіледі.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru