Зырянда «Отбасы күні»
ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» жарлығына сәйкес, мамыр айында «Мерейлі отбасы» атты конкурс өткізілді. Бұл тамаша мереке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы 1 наурызда бекітілген болатын. Байқауға архивші Елена Геннадьевна Бесединаның отбасы қатысты, олар өздерін бір-бірін сүйетін, адал ерлі-зайыптылар және белсенді өмірлік ұстанымы бар жауапты ата-аналар ретінде көрсете білді. 15 мамыр күні «Зырян ауданы әкімдігінің «Горняк» мәдени-сауық орталығы» КМҚК отбасы Күніне арналған концерт өтті. Концерт алдында конкурстың лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бесединдар отбасына бағалы сыйлық пен Зырян ауданы Әкімінің алғыс хаты табыс етілді.