Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырянда «Алтайдың шынайы табиғи талант иесі» Егоров оқулары

04 мамырда «Зырян ауданы әкімдігінің «Горняк» мәдени-сауық орталығы», КМҚК «А.Егоров - Алтай шынайы табиғи талант иесі» атты алғашқы Республикалық Егоров оқулары өткізілді, сондай-ақ жалпы отырыс өтті. Аталған іс-шараға Зырян қаласының орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдер, ақындар, жазушылар, музыканттар, өлкетану Залы меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі - Д. А. Никитин және т. б. қатысты. Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер: архивист Е. Г. Медведева баяндама тақырыбы: «Өткен мен қазіргіні біріктіргенде» («Мемлекеттік архив» КММ Зырян филиалының қорынан А. Егоровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет), «А. Егоров- ақын, жазушы, өлкетанушы» тақырыбы бойынша И. Б. Каланчин- "Звено Алтая" Шығыс Қазақстан облыстық әдеби бірлестігінің мүшесі, Ресей жазушылар Одағының мүшесі. «А.Егоровтың аудандағы әдеби үдерістеріне әсері» тақырыбы бойынша  Г. В. Гончарова –«Рухани жаңғыру» аймақтық штабының жетекшісі, «Зырян ауданының ОКЖ» КММ директоры, «Звено Алтая» тақырыбы бойынша Н.С.Матвеева – «Звено Алтая» әдеби бірлестік, әдеби бірлестіктің басшысы ретінде А.И. Егоровтың мұрагері, Ресей жазушылар одағының мүшесі. Р. А. Шульмина – қазіргі уақытта «Балалар музыкалық мектебі» ММ әдіскері, жақын арада «Зырян ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы қызметін атқарған.

Барлық қатысушылар А. И. Егоровтың өмірі мен шығармашылығын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Егоровтың әдебиетімен алғаш рет танысқан мектеп оқушылары, өздеріне көптеген жаңа және пайдалы ақпараттар алды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2018
Рейтинг@Mail.ru