Зырян қаласындағы «Өнер алды-қызыл тіл» атты конкурс
29 наурыз 2018 жылғы Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, этностардың тілдерін және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік саясатты дамыту және сақтау бойынша бағдарламасын іске асыру шеңберінде және 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Зырян ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында өтетін «Тіл – алтын қазына» атты аудандық конкурсының 1-кезеңі «Өнер алды-қызыл тіл» атты байқауы өтті. Конкурсқа Зырян ауданы және Зырян қаласының оқушылары, құрылыс, білім беру, қаржы, ТКШ бөлімдерінің, медициналық мекемелер қызметкерлері, сондай-ақ Зырян филиалының архивистері Маутиева Г.С., Левин К.А. қатысты.
Архивист К.А. Левин өз мамандығы бойынша презентация дайындап, архив жұмысы туралы мемлекеттік тілде ақпаратпен сөз сөйледі.
Барлық қатысушылар тиісті деңгейде дайындалып, өздерінің кәсіби білімдерін көрсете білді. Қатысушылар мұндай іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, аталған сайыстан кереметтей әсер алды.