Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шемонаев ауылы туралы шерту..

Шемонаев ауылы туралы шерту...

(Шемонаиха ауданының құрылуына 90-жыл және Шемонаиха ауылының құрылуына 80-жыл толуына арналады)

                                                                 Тарихи шындықтарды қазбалау қажет,
                                                               сонда ғана өткен тарих айқындалады,
                                                                себебі өткен шақ пен қазіргі шақ
тарихи бірлестікпен түйіскен.
(Пушкин А.С.)

Шығыс-Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалында Риддер қаласы – Лениногор және қала шетіндегі аймақтармен қоса, Шемонаиха ауданының құжаттары тұрақты түрде сақталуда.

1928 жылы 17 қаңтардағы Қазақ СРО 2-ші сессиясының Орталықтандырылған орындаушы комитетінің 6-шы шақырылысында ауданшылық әкімшілік-шекаралық жобасын бекітті, осыған сай, Семей губерниясы жойылып, Семей округі пайда болды. Шемонаев, Калинин, Уба, Красно-Октябрьский болыс бөліктері біріктіріліп, орталығы Шемонаиха ауылы, Семей округінің Семей уезінде Шемонаиха ауданы құрылды.

Шемонаиха ауданының құрылуы барысында аудан құрамына Шемонаев, Тавриялық, Спассиық, Выдрихалық, Убадағы Убинский, Рулихинский, Каменеевский, Межовский, Кабановский, Сугатовский, Ново-Шульбинский, Кішіресейлік, Вавилондік, Красноярский, Больше-Реченский, Разинский, Сахновский және Алееновский аумақтары кірді (1931 жылы 11 қыркүйекте Қазақ СРО УМК Президумінің Жарлығымен, Тавриялық және Красноярский ауылдық кеңестері Өскемен ауданына берілді).

Шемонаев ауылы туралы шерту. Филиал мемелекеттік сақтауындағы  ХIX -  ХХ ғғ. басындағы тарихи жәдігер құжаттарды талқыласақ. Құрметті оқырман, біз сізге олардың кейбіреуімен танысуды ұсынамыз  - «Алтай округі қожалықтарының  шаруа-статистикалық бейнеулері» 1882ж., «Шемонаев Волисполкомы 1926 ж. Ш тоқсанына ақпарттық есеп».

ХIX ғысыр аяғы... Ауылдың атауы – Шемонаев, көшелер саны – 422, 1958 ж. 10-шы ревизия жандарының саны – 840, 1882ж. 1-ші шілдесінде ревизиядан кейін туылып, тіркеуге тұрғандар саны – 446, ревизядан 1882ж. 1 шілдесіне дейін қайтыс болғандар саны – 253, 1882ж. 1 шілдесіне жалпы адам саны – 1033, 1882ж. 1 шілдесіне жер аударылғандар, санақ тіркеуінсіз тұрып жатқандар – 2, 1882ж. орай жұмысшылар саны – 557...

«Шемонаев қонысы өз атауын 18 ғасырдағы Орталық Ресейдегі Никон патриархының реформаларынан қашып келген ескісалтшы Шемонаев қоныстанушысы тегінен шыққан».

Ауылдық басшылар бір жылға сайланған. Кейбір мекендерде жұмыстары үшін қамтамасыз етіліп, жеңілдіктер алса, кейбіреуінде қайтарымсыз еңбектенген. Ауылда 15 жылнамашы болған. Олар ауылдық қоғамдықтар арқасында жалданып, қамтамасыз етілген. Ауылда қаражатты басшылары жинап, жиналған қаражат  бағалаушы – қазнашыға өткізіліп, Шемонаиха бекетіндегі пошталық қызметпен Билік аумақтық қазынашылығына жолданған.

1881 жылы 109 болыстық сот үкімі тағайындалған. Қатаң жазаға тәртіпсіздік, ішімдікке әукескерлік, тау зауыттарындағы ұсташылықтардан «салық төлемегендігі үшін», 13 адам жазаланды. Сот үкімдері болыс басшысы арқылы ауылдық басшылар орындауына тапсырылған. Азаматтық және ұсақ қылмыстық істер ескі салт бойынша, ауылдық жиындарда шешілген.

Убинский болысында ғана жалғыз мектеп болған. 1879 жылдан бастап онда Омбы мұғалімдер семинары курстарын бітірген, Солодов Федор Иванович сабақ берген. 1882 жылы 20 бала ішінін, куәлік бойынша емтиханга жіберілген біреу ғана болды, халықтың сауаттылыққа, сонымен бірге мектепке деген көзқарасы енжарлы еді...

Убинский болысында 4 шағын тері зауыты, 18 құраушы және 101 диірменнен басқа фабрикалар жоқ. 2 шарап сататын сусындар мекемесі... Шаруалар болыста басқа алкогольді сусындары бар мекемелерді ашуға жол бермеген.

Убинский болысында Оның Әміршілігі Бөлмесінің: Чудак, Таловкий және Сугатский мыс кеніштері жұмыс істеген.

ХХ ғасырдың басы... Өзіндік державалық елдің барлық ауылдары сияқты, Шемонаиха аймағы тым баяу, жоспарсыз және біржақты дамыды. Онда әдетте тұрғын үйлер мен ірі қараларға қоймалар салынды. Сондықтан ешқандай өнеркәсіп, клубтар, саябақтар әрине жоқ еді. Бары тек бастауыш мектеп, медициналық орталық, екі кабак, шіркеу, 6 сауда лашығы ғана бар еді. Мектептерде 100 шақты ақсүйек балалары оқыды. Қалған халық сауатсыз қалған. Осы күнге дейін сақталған «Болыс басқаруы бойынша 1915 жылғы қоғам бұйрығына» 32 адам ғана қол қойған, қалған 238 адам сауатсыздықтың кесірінен кірес белгілерін қойған. Ауыл көшелерінде бір тал ағаш отырғызылмаған, қалдықтар жиналған, ал жаңбырлы күзде көшелерді су тасқыны басып, өткінші жолдар ыңғайсыздандырылған.

Шемонаиха осылай жалпы жас Кеңес елінің қатарына қосылған. Халық надандығына қарамастан, қазан күресі мен шетелдік интервенция кезеңінде мықты партизандық майдан орталығына айналды. Шемониха тұрғындары Колчака және Анненкова бандаларымен жан кешті күресе білді. Бұған ауыл орталығындағы бауырлық бейіттір дәлел болады.   

«1926 жылғы Шемонаев Волисполкомының III тоқсандағы Тікелей салық инспекторы Сем.УФО Кулгаринның қолы үшін» ақпараттық есебіндегі мәліметтер назарға ілігеді:

«1925 жылға дейін болыста тек үш мектеп қана болған (сонымен қатар, Шемонаев болысының халқының көпшіліген ескі тұрғындар құраған, баспанашылар арасында діни салттар ерекше ұсталған. Сонымен бірге, ұлтаралық тұрмыстық шарттар маңызды рөл атқарған. Ал қоныс аударғандар ұлыорыстар, кішіорыстар сияқты өте аз. Болыс халқы келесі топтарға бөлінген: 85% ескі тұрғындарды қосқанда ұлыорыстар – 19929 адам, кішіорыстар – 1491, немістер – 547, татарлар – 98, қазақтар, қырғыздар – 76, орыс казактары – 1782 адам...)

Сауда-саттық атаулары: мануфактуралық тауарлар, ет, тері, темір, бакалейалық, галантерейлік тауарлар, дайын аяқ-киімдер мен бас киімдер, пісірілген нан, ауылда шығарылған бас киімдер, ұн және бидай, ауылдық тамырлар,  тар мен жанармай, тұрғылықты көшелер, шұжық өнімдері, шөп, күшті сусындарсыз асханалар және буфеттер, табак өнімдері, сауда моншалары, сату мақсатындағы сатып алу, сабын, ірі қара мал, сыра, иіссулар, гастраномдық тауарлар, шикізат пен теріні сатып алу, мүк, жүн мен кошма, жергілікті жасалған тондар, шай, басқа да ұсақ-түйек тауарлар.

Жергілікті, тапсырыс беруші заттарынан жасалған темір өнімдері, сабын қайнату, жергілікті заттардан етік, киім тігу, тері; тары жармалағыш және диірмендер; пимокатты, табакты-махорлық; ешкі жүнінен жасалған тондар, шұжық өнімдері; шаштараздар; майшамдар өндіру; импорттық баж салығы; түрлі ұсақ заттар.

1938 жылғы 29 наурыздағы Қазақ СРО ЦИК Президиумының Қаулысымен, Шемонаиха жұмыс ауылы құрылды. 1961 жылғы 23 қарашадағы Қазақ СРО Жоғарғы Президиумының бұйрығымен, Шемонаиха ауылы аудандық иеліктегі қалалар қатарына жатқызылды. Ал бұл енді басқа әңгіме...

 

Шығыс-Қазақстан облысы мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасы
«Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалы архивисті
Давыдова Галина

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru