Салтанатты жиын
2018 жылдың 7 наурыз куні Жарма аудандық мәдениет үйінде 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға ауданымыздың әр салада жұмыс істейтін әйелдер шақырылды. Аудан әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлы құттықтау сөз айтып, бірқатар әйелдерді алғыс хаты, бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
Аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен архив саласында 18 жылдан аса қызмет істеп келе жатқан архивист Калиаскарова Динара Советханқызы марапатталды.
Салтанатты жиын соңында аудандық көркемөнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт қойылып, жақсы көңіл-күй тарту етті.