Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Голос Алтая» («Рудный Алтай») газетінің бірінші нөмірі шығуының 100-жылдығына арналған шара

2018 жылдың 26 ақпанында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шегінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекекеттік архив» КММ «Голос Алтая» («Рудный Алтай») газетінің бірінші нөмірі шығуының 100-жылдығына арналған шара өтті. Іс-шарада БАҚ өкілдері, кітапхана, мұражай қызметкерелері, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Өскемен кәсіби дайындық және сервис колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. 

«От «Голос Алтая» до «Рудного Алтая» фотоқұжаттық көрменің тұсаукесерін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің қызметкері Умутжан Казезовна Мухамеджанова өткізді. 

Осы шараға байланысты, «Звезды на Алтае» кітабының авторы Игорь Анатольевич Григорьев та шығып сөз сөйледі. Бұл кітап бірінші және бірден-бірі, онда әр кезде Шығыс Қазақстан жеріне келген белгілі әртістер, эстрадалық әншілер туралы «Рудный Алтай» газетінің журналисттерінің мақалалары жинақталған. 

Қатысушылар, облыстық газетінің қалыптасуы туралы тарихынан алынған құжаттарымен, «Рудный Алтай» редакторлары мен журналисттерінің өмірбаяндық құжаттарымен танысты. Іс-шараның соңында, Өскемен кәсіби дайындық және сервис колледжінің директоры Б.Ш. Кабдулшарипов және «Рудный Алтай»газетінің журналисті М. Галиева көрменің ұйымдастырушыларына және баяндаушыларға алғыс айтып қатысушыларға сәттілік тіледі.  

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru