Зырян қаласында Ана тілі күні
2018 жылдың 21 ақпан күні Зырян ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту Орталығында, халықаралық ана тілі күніне арналған оқу өтті, ол 1999 жылдың 17 қарашасында болған ЮНЕСКО-ның басты конференциясында жарияланған және 2000 жылдан бастап, тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті сақтау мақсатында атап өтіледі. Оқуда түрлі ұйымдар өкілдері: ХҚКО, АХАЖ бөлімі, архив бөлімі, қаржы бөлімі, сәулет бөлімі, әділет басқармасы, жұмыспен қамту бөлімі, ЖЗҚ өкілдері қатысты. Оқуды қазақ тілі пәнінің оқытушылары З. Б. Маутиева, А. Е. Абдрахманова және орыс тілі пәнінің оқытушысы С. П. Самохвалова өткізді. Олар бүкіл халықтың ана тілі жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді, кейбір емле сөздердің айтылу, жазылуына назар аудару керектігін айтты. Архив қызметкері Г. С. Маутиева әлемдегі тілдердің көптүрлілігі, ана тілі — ұлттың мінезін, оның жады, тарихы, рухани қуаты туралы айтып берді. Тіл –бұл әр түрлі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес. Ана тілінің адам өміріндегі мәні қайда терең және маңызды екенін айта кетті. Соңында оқытушылар түрлі конкурстар өткізді, және әр қатысушы бұл күнді өткізудің маңыздылығы туралы оң пікірлерін, алғыстарын айтты.