Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шығармашылық кездесу

2018 жылдың 02 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зырян филиалында мұрағатшылардың Мусорский атындағы Зырян музыкалық мектебінің директоры, педагог, «Поющие сердца» хорының дирижері және жетекшісі, музыкалық терапия курсының жетекшісі Надежда Ивановна Халиловамен кездесуі өтті. Надежда Ивановнаның жалпы еңбек өтілі кем дегенде 40 жыл, директор лауазымында 30 жыл, "Қазақстан Республикасының білім беру Үздігі құрмет атағы бар. Надежда Ивановна мұрағатшыларға өзі туралы, өзінің қызықты да қиын еңбектері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, мектеп бітіріп кеткен түлектер туралы, олардың көптеген қалаларда, таяу және алыс шетелдерде үлкен жетістіктерге қол жеткізгендері жайында айтып берді. Ол өзінің жұмысқа, әріптестеріне, туыстарына және жалпы өмірге деген зор махаббатына қатысты құпиясымен бөлісті. Архив қызметкерлері орасан зор сергектік көңіл-күй қуатын алды, көптеген қызметкерлерде балаларын мәдени тәрбие алу және ішкі таланттарды дамыту үшін музыкалық мектепке беруге ықыластарын білдірді. Алдағы уақытта архив Н.И. Халилованың жеке тектік құжаттарын жинауды жоспарлауда.   

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2018
Рейтинг@Mail.ru