Жолдауды талқылау
2018 жылдың 18 қаңтары күні Өскемен филиалының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Елбасының жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертудегі тиімді саясатының алға қойылған жоспарымен таныстырды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін білдіре отырып, бұл үшін 10 негізгі міндетті шешуге жұмылуымыз керектігін атап өтті. Осы міндеттерді филиал ұжымы талқылауға салып, негізгі тарауларын ерекше атап өтті.