Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жолдауды талқылау

Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы шықты.

18 қаңтар күні Жарма филиалында директоры: Б.А.Рахимовтың бастауымен Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау төңірегінде жиын өткізіп, қысқаша шолу жасады. Сонымен қатар архившы: А.С.Кадыргалиева филиал ұжымдағыларға Жолдаудың әр тармағына тоқтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар: БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі. СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Жолдауда айтылған ірі міндеттердің, тың идеялар мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысу әрбір қазақстандықтың міндеті болып табылады. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru