Жолдау талқыланды
10 қаңтар 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Зайсан мемлекеттік архив ұжымы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты, 10 бағытқа басымдық берілген Жолдауын талқылады. Жаңа Жолдауда индустрияландыру, адами капиталды жетілдіру, көлік-логистика инфроқұрылымының тиімділігін арттыру, қаржы секторын қайта жаңғыртумен қатар, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениет пен иделогиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән – маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс деп атап көрсетті. Сондай-ақ 2018 жыл - Елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейлі жыл болмақ.