Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
2017 жылдың 14 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының қызметкерлері, аудан орталығының Мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға қатысты. Жарма ауданының әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлы мен мәслихат хатшысы Айгуль Жансаповна Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Жарма ауданының мемлекеттік мекеме және кәсіпорын қызметкерлерін Аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапаттады. Салтанат соңы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концертпен жалғасты.