Қайырымдылық көмек
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы ұжымы Зайсан қаласындағы «Қайырымдылық» шарасы аясында жағдайы төмен, денсаулығы жоқ, жалғызбасты қала тұрғыны Ағыбаева Күлпанның отбасына азық-түлік апарып табыстады. Бұл көмек ұжым атынан жылда осы жанұяға көрсетіліп келеді. Аудан көлемінде өтіп жатқан барлық іс-шараларға архивистер қатысып тұрады. Алдағы жылдары да «Қайырымдылық» шарасы жалғасын таба бермек.