Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Семинар өтті

28.11.2017ж. - 29.11.2017ж. күндері ШҚО «Мемлекеттік архив»-інде «Архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік есебі, жеке тектік құжаттарға ҒТӨ жасау» туралы семинар өтті. Семинарға қатысушыларды тіркеу рәсімінен басталып, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ директоры міндетін атқарушы Е.В.Костинаның алғы сөзімен ашылды. Семинарға Зайсан филиалынан екі архивист Дюсюпжанова А.Ж. және Смекенова К.А. қатысты. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ- нің «Архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік есебі» бөлім басшысы Баелова Альмира Тугельбаевна және осы бөлімнің архивистері архив құжаттарын қорға жүйелеу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қалпына келтіру, мемлекеттік есебі, «ШҚО электрондық архиві» АБЖ – ға «Мемлекеттік есебі және тапографиялық көрсеткіш» модульдарын толтыру бағдарламалары бойынша семинар жүргізді. Оқу барысында архивистердің жұмысына қатысты әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсетілді. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ- нің «Архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік есебі» бөлім басшысы Баелова Альмира Тугельбаевна семинарға қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріп, семинарды қорытындылады. Архивистерге семинар ұнады, өте әсерлі өткізілді, қатысушылар оң пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.  

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru