Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шығыс Қазақстан облысының құрылуына 85-жыл толуына арналған іс-шара (1932)

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шегінде, 2017 жылдың 05 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы мәжениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Шығыс Қазақстан облысының 85-жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шараға БАҚ өкілдері, кітапхана, мұражай қызметкерелері және Шығыс Қазақстан облысының «Кәсіби дайындықұ және сервис» колледжінің студенттерәі мен оқытушылары шақырылды.

«Шығыс Қазақстан тарихін зерттеудегі мұрағаттын рөлі» баяндамасымен С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетініңтарих ғылымының кандидаты, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының доценті Раушан Калымбековна Нурбекова шығып сөйледі. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Жарма және Аягөз аудандарындағы қасиетті салтты жерлері туралы баяндамаларымен С. Аманжолов ат. ШҚМУ тарих факультетінің 4 курс студенттері Капашева Еркежан мен Жумашева Гаухар шығып баяндады. 

Облыстың мемлекеттік архив інің Ғылыми анықтамалық ақпарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің қызметкерелері «Шығыс Қазақстан: кеше және бүгін» атты фотоқұжаттық көрме әзірлеп ұсынды. Көрмеге қойылған құжаттар мен фотосүреттер бойынша қысқаша шолуды облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Сейтказина Асем жасады. 

Шараның қатысушыларына облыстық мемлекеттік архиві бойынша экскурсия ұйымдастырылды: архив қоймаларының, оқырман залының жұмысымен танысу өтті.

Өткен іс-шараның қорытындысында, мемлекеттік архиві директорының міндетін атқарушысы, Елена Валерьевна Костина қызықты баяндама жасаған баяндамашыларға үлкен алғысын білдірді.  Сол кезекте, Раушан Калымбековна Нурбкова, өз өлкеңнің тарихын зерттегенде мемлекеттік архивта сақтауда жатқан құжаттардың маңыздылығын айтып өтті: ғалым өлкетанушылар сол құжаттар бойынша өткен кезеңді қалпына келтіріп, ұрпақ үшін болашақты сақтап қалған. Р.К. Нурбекова мемлекеттік архивінің кітапханасына өзінің монографиясын «XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Шығыс Қазақстан өңірендегі жергілікті кеңестердің тарихы» табыс етті. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru