Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара

2017 жылдың 30 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының қызметкерлері Қалбатау ауылында Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Ағымдағы жылдың жаз айында ашылған Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңадан ғимарат берілді. Бұл мүгедек балалардың ата-аналары мен осы ұжымның қызметкерлеріне өте қуанышты жаңалық болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген бұл шараға жиналған барша жұртты Жарма ауданының әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлы ғимараттың ашылуымен құттықтады.  Салтанатты жиында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапаттары, «халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері» атағы табысталды және «Нұр Отан» партиясына жаңа мүшелері қабылданды.    Салтанат соңы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған концертпен жалғасты. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2017
Рейтинг@Mail.ru