Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Б.Молдахановтың жүлдесіне арналған баскетбол турнирі өтті

2017 жылдың 9-10 қараша аралығында ұстаздар арасындағы ұлағатты ұстаз «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» «Ы.Алтынсарин атындағы медальдің» иегері Б. Молдахановтың жүлдесіне арналған баскетбол жарысы «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де өткізілді. Командалар ойыншылары жарыстан жақсы көңіл күй алып қайтты.   Жеңіліс те, жеңісте болды. Шиеленісті ойындардан соң мықтылар анықталды. Жақсы ойын көрсетіп, №4 орта мектебі 1 орынды, 2 орынды №1 орта мектебінің командасы, көпсалалы қазақ мектеп-гимназия командасы 3 орынды иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер, әр ойын шебінде үздік ойын көрсеткен ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және Б.Молдахановтың демеушілігімен алынған арнайы кубоктармен, бағалы сыйлықтарымен, медальдармен марапатталды.  Жарысқа Б.Молдахановтың шәкірті ретінде арнайы шақыртылып ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалының директоры Куренкеев Қанағат Селеубайұлыда қатысып, архив ұжымының атынан турнирдің ең үздік ойыншысына сыйлық табыс етті. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru