Зырян қаласында семинар
2017 жылдың 07 қарашасында «Халыққа қызмет көрсету Орталығы» Департаментінің Зырян аудандық бөлімінде: «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасы «Ұлттық мұрағат қорындағы мемлекеттік меншіктегі құжаттарды уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсат беру» және «Архивтік құжаттарды беру «Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты» тақырыптары бойынша семинар өтті. Семинарға ШҚО бойынша «Азаматтар үшін Үкімет» МК ҰАҚ – «ХҚКО филиалы» Департаментінің Зырян ауданы бөлімі басшысының орынбасары, бөлім қызметкерлері, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Мемлекеттік мұрағат» КММ Зырян филиалының директоры С.К. Сейлханов, мұрағат қызметкерлері Т.C. Козлова, О.А. Иванова қатысты. Мұрағат қызметкерлері аталған тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді, сондай-ақ азаматтардан түсетін құжаттарды қабылдау дұрыстығы туралы ақпарат берді.