Әлеуметтік қызметкерлер күні
1 қараша Аягөз үшін мерекеге толы күн болды, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде «Әлеуметтік қызметкерлер» салтанатты кеші өтті. Бұл - әлеуметтік, психологиялық сипаттағы мәселелерді шешуге, көмекке келуге дайын, қамқорлыққа, қолдауға зәру, қоғамның айрықша назарына мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әзір жандардың мерекесі. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, аудан әкімі атынан мерекемен құттықтап, облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарын табыстады.
Бұл салтанатты кеште Аягоз филиалының және де басқа мекемелердің қызметкерлері болды. Кеш соңы аудандық мәдениет үйінің әртістерінің дайындаған мерекелік концертіне ұласты.