Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Кітап жарыққа шықты

Зайсан филиалының кітапханасы Зайсанның тумасы Юрий Алексанрович Денякиннің «Зайсан православный» атты кітабымен толықты.  Кітапта ХІХ – ХХ ғасырдағы Семей губерниясындағы Қытаймен шекаралас жатқан кішкентай ғана Зайсан қаласының революцияға дейінгі тұрмыс – тіршілігі, әскери постың орнығуы Ресеймен Қытай арасындағы мемлекеттік маңызды мәселелермен қатар Батыс Қытаймен Моңғолия арасындағы сауда-саттық туралы баяндалған. Және Орталық Азиядағы ең маңызды ғылыми-зерттеу экспедицияларының тоқтайтын орталық нүктесі болып табылған. Шекаралық аймақтағы ең алғашқы құрылыстардың, шіркеу салынғаны, өлкенің тарихы туралы жазылған. Кітап дайындауға архив құжаттарынан мәліметтер алынған. Кітап авторы осы кітап шығаруда мәліметтер алған Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві, мемлекеттік архивтің Зайсан филиалына, облыстық және Зайсан өлкетану мұражайы ұжымдарына, қол ұшын созған, үйлерінде сақталған мәліметтерді, фотосуреттерді, естеліктерімен бөліскендері үшін қала жұртшылығына атап айтқанда В.И. Лигусовқа, И.А.Королеваға.,  Д. Рыбаловтарға алғысын білдірді. Кітап Зайсан қаласының негізі қаланғанына 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шықты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru