«Электрондық азамат» мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
2017 жылдың 24 қазанында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шегінде, мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқауда алудың, халықтың уәкілеті мен сандық дағдысы дамуының маңыздылығын түсіндіру мақсатында, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті А.С. Пушкин атындағы кітапханасымен бірлесе отырып «Электрондық азамат» мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
Бұл іс-шарада ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ мен жеке құрамы бойынша Өскемен филиалының қызметкерелері қатысты.
«Архив анықтамалырын беру» мемлекеттік қызмет алу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында, Электрондық үкімет портталы, «ШҚО мемлекеттік архиві және оның филиалдары» сайтының «Виртуалды қабылдау бөлмесі және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша кеңестер берілді.